Денсаулық

ҚР Президенті: Ұлттық банк қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдау тиіс

ҚР Президенті: Ұлттық банк қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдау тиіс

20151116154603Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Ұлттық банктің қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк  қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап айтты.

«Ұлттық валютаның еркін бағамы жағдайында халыққа төтенше ештеңе болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теңгеге энергия тасымалдаушы өнімдердің бағасының төмендеуі ықпал етуде, бұл - табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы тиіс», - деді Қазақстан Президенті.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы қазіргі ахуалмен санасуға мәжбүр екенін айтты.

«Бұл жағдайда бізге тиісінше ақша-несие саясатын жүргізіп, икемді бағам қалыптастыру қажет. Ең бастысы - қазір не болып жатқанын қоғамға түсіндіру», - деді Д.Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.