Саясат

Аламан сын әлі алда

Аламан сын әлі алда

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметі тиімділігін арттыруға айрықша назар аударып отыр. Олай болатыны, елімізде 2015 жыл – Бастауыш партия ұйымдарының жылы деп жариялануына байланысты «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы мәреден шыққаны баршаға мәлім. Бұл іс-шара қазіргі таңда жер-жерлерде, оның ішінде біздің өңірімізде де нақты іс жүзіне асырылуда. Бүгінгі әңгімеміз аталмыш байқаудың аудандық, облыстық кезеңдерінен топ жарып шығып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдаманы жеңіп алған «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Ю. Гагарин атындағы мектептің директоры Шолпан Байтақова жөнінде болмақ. Ол 2009 жылдан бастап Президент, Парламент сайлауларына сайлау учаскелерінің төрайымы ретінде қызу ат салысып, өзінің саяси, қоғамдық жұмыстарда шыңдалғандығын да көрсете алды. Әріптестері оның биылғы сайлау кезінде № 129 сайлау учаскесі бойынша халықтың 98 пайызы Елбасы Н. Назарбаевты жақтап дауыс беруіне қол жеткізгенін айтады. Бұл да Шолпан Қайратқызының сайлау комиссиясының төрайымы ретінде өзінің учаскесінде ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде. Біздің әңгімеміз осы төңірегінде болған еді.

– Байқау ережесінің талабы қандай? Байқау ережесінде партиялық жобалар мен азаматтық бастамаларды іске асыру, ішкі партиялық жұмыстар, жаңа әдістерді қолдану, азаматтық бастамаларды іске асыру, жастармен жұмысты жандандыру мәселелері қарастырылған. Алдымен ауданда 500-дей мүшесі бар 38 бастауыш партия ұйымы арасынан, ал облыста 33 қатысушы ішінен үздік шығу, әрине, айтуға ғана оңай. Аламан сын әлі алда. Байқаудың ақтық кезеңінде де облыс намысын қорғауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – дейді ол. – Бастауыш ұйым партияның негізгі қозғаушы күші екені белгілі. Осы тұрғыда партия бағдарламалары мен жобалары аясында атқарған жұмыстарыңыз ескерілген болар... – Әлбетте, солай. Ұйымымызға мүшелікке 185 азамат тіркелген. Олардың қатарында аудандық электр желілерін тарату мекемесі, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі мен «Теремок» балабақшасының қызметкерлері бар. «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының сапалық құрамына келер болсақ, 176-сы – қазақ, 6-ы – орыс, 3-еуі түрік ұлтынан болса, солардың ішінде жоғары білімдісі – 135, арнаулы орта білім алғандар саны – 39, орта білімділер 11 адамды құрап отыр. Бір атап өтерлігі, партия мүшелерінің 72 пайызы – жоғары білімді азаматтар. Еліміздің, оның ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени өркендеуіне өз үлестерімізді қосудамыз. – Кезектен тыс ХV съезінде «Нұр Отан» партиясы ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» Стартегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі басты құжаты – партия Доктринасын қабылдағаны белгілі. – Осы құжатта нақтыланғанындай, біздің басты жетістігіміз – Ел тәуелсіздігі, саяси тұғырнамамыз – орталықшылдық, идеалымыз – Елбасы. Онда партияның негізгі құндылықтары адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтымақшылдық, болашаққа ұмтылыс, отбасы және дәстүр болып табылатыны белгіленген. Сонымен қатар, азамат және мемлекет өзара іс-қимыл жаңа қағидаттары, жалпыға ортақ табыстың факторлары және партияның тарихи жауаптылығы бағыттары бекітілген. Осы Доктринада аталған құндылықтарды іске асыру мақсатында партия Орталық аппаратының он үш жобасы бойынша бізде де бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Қысқасы, «Қазақстан–2050» Стратегиясын іске асыруға қатысу, партияның сайлауалды тұғырнамасы мен Саяси Доктринасын жүзеге асыру және нақты әлеуметтік топтардың проблемалық мәселелерін шешу – басты ұстанымымыз. Партияның XIV съезінде қабылданған «5 институционалдық реформа, 100 нақты қадам» бағдарламасынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру мәселелері ұйымымызда өткен коучингінде талқыланып, алға нақты бағдарлар белгіленді. Партияның «Мықты бизнес –қуатты мемлекет» жобасы аясында «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының мүшесі А.Жамишжановтың жекеменшіктегі «Еңлік» балабақшасы базасынан тағы бір партия тобын жасақтауды ойластырудамыз. Сонымен қатар, «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы үнемі ауданымызда болып жатқан қоғамдық саяси іс-шараларда белсенді қатысып, өз үлестерін қосып жүр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ұйым белсенділігі одан әрі арттырыла беретін болады, – дейді ұйым жетекшісі Шолпан Қайратқызы нық сеніммен.

Әңгімелескен Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист.

Байзақ ауданы.