Шекарашылар қазақстандық қызды сексуалдық құлдықтан "Көмектесіңдер" деген жазу арқылы құтқарып қалды
Шекарашылар қазақстандық қызды сексуалдық құлдықтан "Көмектесіңдер" деген жазу арқылы құтқарып қалды
Қазақстандық шекарашылар 19 жастағы қызды Ресейде интим қызметін ұсыну үшін шекарадан алып өтпек болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 12 қарашада шекара бақылауының қызметкерлері "Ақтөбе - Орынбор" рейс автобусының адамдарын тексерді. Қазақстанның 19 жастағы азаматшасының құжаттарын тексеру кезінде "Жайсаң - авто" бақылау-өткізу пунктінің әскерилері "Помогите" деген жазуды байқаған, бұл жазу оның жолаушы билетінде болған.
"Қазақстандық шекарашылар абдырап қалмады. Себебі қыз үркіп қалған, сөйлеспеуге тырысып отырған. Шекарашылар құжаттың дұрыс еместігін айтып, қызды автобустан түсіріп алған", - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің өкілдері.
Бақылау-өткізу пунктінің ғимаратына кіріп, өзінің қауіпсіз екеніне көзін жеткізген қыз оқиғаның мән-жайын баяндап берді.
"Ол жұмысқа тұруға бара жатқан, оған екі жігіт жақындап келіп, уақытты сұраған, сол кезде қыз сөмкесінен ұялы телефонын шығарған, осы уақытта жігіттер одан телефонын тартып алып, ұрып, шетке алып кеткен, оң қолының білегін тіліп тастаған. Одан кейін белгісіздер оның Ресейге баратын автобусқа билет алуын талап еткен. Автобуста оны бақылап отыратын адамдардың болатынын айтқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.