Ұлттық банк Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валютаға қатысты түсінік берді
Ұлттық банк Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валютаға қатысты түсінік берді
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес.
«Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес», – делінген жауапта.
Еске сала кетейік, жақында Ресей тарапы ортақ валюта мәселесі талқыланғанын, оның еураз аталуы мүмкін екенін айтқан болатын.