Таразда екі адам қазаға ұшыраған жол-көлік апатынан кейін автобус жүргізушісі тұтқындалды
Таразда екі адам қазаға ұшыраған жол-көлік апатынан кейін автобус жүргізушісі тұтқындалды
Тараздың №2 соты 27 жастағы қалалық жолбағыт автобусының жүргізушісін қамауға алуға санкция берді. Ол жол-көлік апатын жасауға, оның салдарынан екі жолаушы қазаға ұшырап, 9-ы әртүрлі жарақат алуына айыпталуда. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.
17 қазанда таңертең, қарбалас уақытта, «Әулие-Ата-Транс-Пасс» ЖШС иелігіндегі №15 қалалық автобус қала жолдарында №16 жолбағыт автобусымен «жарыс» ұйымдастырған. Бұл қауіпті маневрлердің мақсаты кезекті автобус аялдамасына бірінші болып жетіп, жолаушыларды қағып алып кету болды.
Осы кезде №15 автобус салонында болған адамдардың куәландыруынша, жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, рульді шұғыл бұрып қалып, өзінің жолаушылар салонын оған қарсы қозғалып келе жатқан басқа автобусқа кесе-көлденең қоюға жол беріп, соқтығысқан.
Жол-көлік апатының салдарынан 69 жастағы Қаламкүл Досниязова мен 58 жастағы Ольга Ган ес-түсінен айырылып, аурухананың оңалту бөлімінде көз жұмды. Тоғыз жолаушы әртүрлі жарақаттармен дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Бұл қайғылы жол-көлік оқиғасы 3-ші полиция маңында болғанын, бұл жерде бақылау кмамералары жұмыс істеп тұрғанын, жылдамдықты шектеу белгісі тұрғанын және жаяу жүргіншілер жолы болғанын айта кеткен жөн.
Қаза болған Қаламкүл Досниязованың туыстарының айтуынша, полиция олардың өтініштерін қабылдаудан бас тартқан, олардың уәжі бойынша бұл кезде ес-түссіз жатқан зардап шегушінің өзі өтініш беруі тиіс екен. 4 қазаннан кейін, журналистер мен құқық қорғаушылардың дабыл қағуымен жолаушы әйел қаза болғаннан кейін бір аптадан кейін ғана Жамбыл облыстық ІІД қылмыстық істі ауырырақ ҚР ҚК 4-бөлімінің «Екі және одан да көп адамдардың абайсыз өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу» 345-ші бабына ауыстыруға шешім қабылдады. Ал 7 қарашада сот №15 автобус жүргізушісін қамауға алуға қаулы шығарды.
Жамбыл облысындағы республикалық және жергілікті БАҚ журналистері аймақтық ішкі істер департаментінің осы қайғылы ЖКО және басқа да автотрассалардағы оқиғалар сияқты қоғамдық мәні зор ақпаратты жасыруға тырысуына, сондай-ақ облыстық ІІД басшылығының тергеу барысы туралы қандай да бір түсініктеме бермеуіне таңданыс білдіреді.