Денсаулық

Мәсімов: Біз ең жақсы кезеңде өмір сүріп жатырмыз

Мәсімов: Біз ең жақсы кезеңде өмір сүріп жатырмыз

pogudx131temldf62.5f980187Қазақстан аремьер-министрі Кәрім Мәсімовтің пікірінше, Қазақстанда Силикон алқабын құрудың қажеті жоқ, егер тиісті жағдай жасасақ, бұл алқап өзі-ақ пайда болады.

Бұл пікірін үкімет басшысы Астанада өтіп жатқан «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» халықаралық инновациялық форумы барысында білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз ең жақсы кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Дәл қазір, мүмкін, бұндай ойдан аулақпыз. Бірақ, бір-екі жыл өткеннен кейін ең жақсы уақытта өмір сүргенімізді еске алатын боламыз. Бүгінде біздің мүмкіндігіміз мол, қолымыздан бәрі келеді», – дейді үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, жақсы бастамалар, үлкен жұмыстар дағдарыс кезінде іске асырылады. Яғни, қазіргі уақытта осы жағдайды пайдалануымызға мүмкіндіктер зор.

“Барлық жақсылықтар дағдарыс кезінде болады деген сөз маған қатты ұнап қалды. Егер қазіргі жағдайды дағдарыс деп қарайтын болсақ, бізге ең керемет дүние жасауға мүмкіндік туады. Мүмкіндік орасан болмақ”, – деп қосты ол.

«Үшіншіден, өзіміздің Силикон алқабын құрудың қажеті жоқ, егер біз дұрыс жағдай жасасақ, ол бізге өзі-ақ келеді. Әсет Өрентайұлы (ҚР Инвестициялар және даму министрі – автор екерт.), Сіз Силикон алқабының бізге келуі үшін бар жағдайды жасауыңыз керек», – деді Мәсімов.

Пермьердің сөзінше, мемлекеттің міндеті инновация саласын дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру болып отыр.

«Инновациялар мен стартаптарды дамыту жолы өте даңғыл. Бүгінгі форумға қатысып отырғандардың барлығы 100 пайыз табысқа жете алмайды. Бірақ, бұл бизнестің ғажаптығы осы, яғни, табысқа жетіп, сүрініп, одан кейін қайта алға жылжуға болады. Дәл осындай бәсекелес ортада, осындай жағдайда үлкен мүмкіндіктер ашылады. Бүгінде біздің алдымызда осындай міндет тұр», – деді үкімет басшысы.

Премьер-министрдің пайымдауынша, мемлекеттің мақсаты мен үкіметтің жұмысы институттық даму арқылы осындай инфрақұрылымды құру болып отыр.

Айта кетейік, технологиялық конференцияға венчурлық инвестициялар мен инновациялар саласындағы 45-тен аса сарапшы, 150 инвестор, 150 үздік стартаптың негізін қалаушы мен Орталық Азия, АҚШ пен ТМД елдерінен 1500 адам жиналды.

Форум аясында 150-ден астам қазақстандық және халықаралық стартаптың мүмкіндігін паш ететін көрме ұйымдастырылған. «Expo-2017» көрмесі қарсаңында жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларға арнайы орын қарастырылыпты.