Мәсімов теңге бағамының айтарлықтай құбылмайтынына сенімді
Мәсімов теңге бағамының айтарлықтай құбылмайтынына сенімді
2014 жылы рубльдің күрт құлдырауы Қазақстан үшін күтпеген оқиға болды. Бұл туралы елордада Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелерін талқылауға арналған Астана клубының I отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«ЕАЭО-ның валюталық саясатына келетін болсақ, былтырғы жылдың соңынан 2015 жылдың басына дейін әлі реттелмеген еді. Біз негізінен сауда және кедендік мәселелерге көңіл бөлдік. Ұлттық банктердің мәселелері мен бағам саясаты автоматты түрде келісілуі тиіс болуы керек. Өкінішке орай, ол солай болмады. Ресей Федерациясы Орталық банкінің инфляциялық таргеттеу саясатына көшуі біз үшін аздап күтпеген жағдай болды және біз былтыр күзде бағамды өзгертуді ойламаған едік. Халықаралық Валюта қорымен арнайы xалықаралық бағдарламамыз болды және инфляциялық таргеттеудің өз саясатымыз бар еді. Біз оны әлдеқайда кешірек жасауды жоспарладық. Сондықтан бізде уақыттарымызда осындай қателік орын алды. Қазір Ресейдің инфляциялық таргеттеуге өткеніне бір жыл толды. Желтоқсанда бірден қатты жоғарылау байқалды”, – деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, бұл Қазақстанға біршама қиындықтар әкелді.
“Осы жарты жыл Қазақстан экономикасы үшін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі тұрғысынан да, ұлттық резервтердің есебінен доллар бағамын ұстап тұру тұрғысынан да өте ауыр болды. Бірақ бұл кезеңде біз үлкен қадамдар жасадық. Үкіметтеріміз де, орталық банктеріміз де белсенді талқылаулар жасауда. Біз болашақта мұндай жағдайлардың орын алмауына кепілдік беретін тетіктер жасадық”, – деп атап өтті Мәсімов.
Оның атап өткеніндей, қазіргі уақытта рубль мен теңге бірдей деңгейде орналасқан. Жағдай тұрақталды десе де болады.
“Мен қазіргі мұнай бағасы мен рубль бағамы тұсында айтарлықтай (құбылмалылық) болмайды деп санаймын. Рубль мен теңге өз тепе-теңдігін тапты деген ойдамын. Ал әрі қарай бәрі мұнай мен рубль бағасына тәуелді болмақ”, – дейді премьер-министр.
Сондай-ақ, Мәсімов валюта бағамының күрт төмендеуінен басқа елдер қиындық көре бастағанын да атап өтті.
“Меніңше, бүгінгі уақытта Ресей мен Қазақстан валюталары бірдей басымдыққа ие. Бірақ басқа елдер қиындық көре бастады. Мәселен, Қырғызстан. Еуразиялық одаққа кіргеннен кейін, қырғызстандық тауарлар Қазақстанға ағылады деп ойладық. Алайда аталмыш бағам саясатынан барлығы керісінше болды. Осы тақырып бойынша қосымша талқылаулар жүруі тиіс деп санаймын”, – деді премьер-министр.