Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

The final spritzer

Байзақ

Ботамойнақ ауылдық округiнде ақсақалдар алқасының төрағасы К.Шартықбаев, ауыл әкімінің орынбасары Т.Байділдаева және бас маман Б.Танашев жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық жасады. Бұл іс-шараға ауылдың жеке кәсіпкерлері де атсалысты. Шара барысында екі жалғызбасты қарияға, төрт мүгедегі бар отбасына және соғыс ардагерінің жесіріне азық-түліктер әперілді. Сонымен қатар, соғыс ардагерінің жесірі А.Қойлыбаеваның үйіндегі қорасын жөндеуге ауыл әкімі Е.Зәуірбеков өз қаражаты есебінен қолдау білдірді.