Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

Аудандық Мәдениет үйінде «Парасат» халықтық әжелер ансамблінің құрылғанына 15 жыл толуы аталып өтті. Ұлттық өнеріміз бен салт дәстүрлеріміздің жанашыры ретінде танылған егде жастағы оншақты өнерпаз әже – аналардан құралған бұл ұжым қазақтың халық әндерін әуелете шырқап мерекелік жиындардың шырайын келтіріп, қоғам өміріне белсене атсалысып келеді. Оларды мерейтойымен құттықтаушылар қатарында Кенен ауылындағы ақын атамыздың зайыбының атын иеленген «Насиха» әнші әжелер тобы және аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты, аудан әкімі мен мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етілді.