Саясат

Н.Назарбаев әскери қызметкерлерге жоғары дәрежелі медальдар тапсырды

Н.Назарбаев әскери қызметкерлерге жоғары дәрежелі медальдар тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ІІ дәрежелі "Даңқ" орденін тапсырды. Елбасы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда көрсеткен еңбектеріне орай бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарын тапсырды. Атап айтқанда "Ерлігі үшін" медалімен ҚР Қорғаныс министрлігі 64471 әскери бөлімінің аға офицері Олжас Баукен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ өрт сөндіру кезекші қызметі жетекшісінің көмекшісі Мақсат Дүйсенбаев, Павлодар облысы ІІД қалалық Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының взвод командирінің орынбасары Есен Нұрғалиев марапатталды. Ал "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалін Мемлекет басшысы ҚР Қорғаныс министрлігі 74884 әскери бөлімінің командирі Арман Асанбайға, ҚР Қорғаныс министрлігі 65229 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары Дмитрий Гроцке, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы департаментінің басқарма бастығы Юрий Евдокимовке тапсырды.

Ақпарат көзі: www.nur.kz