Жамбылда не жаңалық?

Жуалы

Жуалы

Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейіне еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай жарыққа шыққан «Қазақстан прокуратурасының қалыптасуы және дамуы – Өткелді жолдың елесі – бүгінгінің белесі» атты тарихи деректі кітабына қосымша өзінің құттықтауын жолдапты. Кітапта жерлесіміз Бауыржан Момышұлының 1930-1932 жылдары прокуратура қызметкері болғаны жазылып, кітаптың біздің облысқа арналған бөліміне «Жеңіске жеткізгендер» деген айдар қойылып, бірінші бетіне даңқты батырдың суреті мен өмірбаяны берілген. Бұл сыйды музей меңгерушісі Ғалия Ауғанбаеваға аудан прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы әкеліп тапсырды.