Кейін тым кеш болады…
Кейін тым кеш болады…
Жақында POS-терминалдар барлық тауарлар мен қызметтерді сату орындарында пайда болады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық тәртіптемесімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банктік карточкалар бойынша төлемдерді қабылдайтын жабдықтары болуы тиіс. Бұл мерзім Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағында көрсетілген, әзірге оқитын құрылғыны орнатуды телекоммуникация желілерінен қашық орналасқан кәсіпорындар ғана кідірте алады.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Тараз қаласындағы филиалының директоры Рамазан Ибраимов заңның жоғарыда көрсетілген бабының күшіне енген күнін күтпей-ақ, дәл қазір POS-терминалдарды орнатуды ұсынады. Және оған бірнеше жақсы себеп бар. Біріншіден, POS-терминалдарды орнату кез-келген бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазақстандықтар барған сайын тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде ыңғайлы пластикалық карталарды жиі қолдануда. Ұлттық Банктің деректері бойынша 2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 14,5 миллионнан астам төлем карталарын ұстаушылар бар. Қазірдің өзінде POS-терминалдармен жабдықталмаған кәсіпорындар пластикті банкноттардан артық көретін клиенттерінен айырылып жатыр. POS-терминал орнатудың тағы бр салмақты негіздемесі – қомақты айыппұл. Сөйтіп, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер жасауға арналған құрылғыны орнатпағаны үшін кәсіпкер – жеке тұлғаларға – 40 АЕК, шағын және орта бизнес субъектілеріне – 60 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 60 АЕК әкімшілік жаза көзделген. Егер бұзушылық қайталанатын болса, салық органдары салған айыппұл сомасы екі еселенетін болады. Сондықтан клиенттерден айырылу және айыппұл алу қаупі төніп тұрғанда оқитын құрылғыны орнатуды кешіктіруге бола ма? Банк ВТБ (Қазақстан) кәсіпкерлерге POS-терминалдарды орнату және қызмет көрсету бойынша тиімді қызметін ұсынады. Біріншіден, банк аз уақыт ішінде ақша қаражатын ұйымның банктік шотына қайтарады. Екіншіден, біз POS-терминалдарды тегін орнатамыз және кәсіпорын қызметкерін онымен жұмыс жасауға үйретеміз, сонымен қатар жарнамалық материалдарды тегін ұсынамыз. Үшіншіден, банк терминалды пайдаланғаны үшін оңтайлы комиссия ұсынады: ВТБ банкінің карталары бойынша комиссия – 0,6-дан бастап 1%-ға дейін, басқа банктердің карталары бойынша – 1,6-дан бастап 2%-ға дейін. Ең аз мөлшерлемелер жеңілдікті ұсыныстар аясында қолданылады. Сонымен қатар, банк қызметкерлері берілген құрылғыға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, – деп хабарлады Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Тараз қаласындағы филиалының директоры Рамазан Ибраимов, – Сондай-ақ осы жылдың қыркүйек айында біздің Банк «MasterCard-эквайринг» халықаралық төлем жүйесінің жобасын өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұрын банктің POS-терминалдары мен банкоматтары тек Visa төлем карталарын қабылдайтын, енді біз сондай-ақ MasterCard және Maestro қызмет көрсетеміз. Бұл біздің клиенттерімізге – POS-терминалдардың иелеріне, олардың күнделікті жұмысына айтарлықтай көмек болады. Тағы бір жақсы жері – POS-терминал орнатқысы келетін кәсіпкерлер ағымдағы шотты ашу кезінде де үнемдей алады. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап Банк ВТБ (Қазақстан)-да «Сауда Эквайрингі» қызметі аясында акция жүріп жатыр, ол бойынша банктік шотты ашу бар болғаны 1 теңгені құрайды! Сонымен қатар, егер кез-келген басқа қазақстандық банктердің бірінде шотыңыз бар болса, ВТБ-да тағы бір шот ашудың қажеті жоқ. POS-терминалдар орнату және қызмет көрсету туралы толық ақпарат алу Банк ВТБ (Қазақстан)-ның бөлімшелерінде, сондай-ақ, 5050 ұялы телефоннан тегін.