Спорт және туризм

Полицейлер белдесті

Полицейлер белдесті

Облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы мен «Динамо» ДШСҚ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасовты және қызмет борышын өтеу кезінде қаза тапқан ІІО-ның қызметкерлерін еске алуға арналған облыстық турнир өтті.

«Самбо» күресінен ауыспалы кубогы үшін өткен турнирде 8 санаттағы салмақ дәрежесіндегі ІІО қызметкерлерінен барлығы 12 команда қатысып, 80 ойыншы бақ сынасты. Жарыс барысында полиция қызметкерлері өздерінің тәсілдері бойынша даярлықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Мәселен, ІІД қызметкерлері Ержан Есеев, Қанат Баймбетов және Қанат Умиралиев сынды самбо күресінен Қазақстан чемпиондары, халықаралық кластағы спорт шеберлері турнирде күш сынасты. Турнир қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды «Жамбыл облысы ІІД-1» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Жамбыл облысы ІІД-2» командасы иеленсе, ал үшінші орынға Мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметі басқармасы табан тіреді, «ІІО ардагерлерінің» құрама командасы жүлделі төртінші орынға ие болды. ІІД басқарма басшылары және бас төреші, самбодан халықаралық санаттағы төреші Ерсайын Татенов жеңімпаздарды марапаттады. Жеңіске жеткен қызметкерлер мен жеңімпаз командаларға облыстық ІІД және «Динамо» ДШСҚ дайындаған арнайы кубогы табыс етіліп, грамоталар, медальдар берілді.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».