Жаңа жылдан бастап еліміздегі нан бағасы 30 пайызға қымбаттайды
Жаңа жылдан бастап еліміздегі нан бағасы 30 пайызға қымбаттайды
Келер жылдан бастап елімізде нан бағасы 30 пайызға қымбаттайды деп хабарлайды Алматы арнасы.
Елімізде жылына 11,5 млрд теңге нан бағасын төмен ұстап тұруға кетеді. Керісінше, ол қаражатты ауыл шаруашылығы тетіктеріне жұмсаған дұрыс деп санайды Асылжан Мамытбеков.
Енді еркін айналымға кеткен теңге бағамы мен жанармай қатарына нан да қосылады. Оған қоса, әлеуметтік нанды қаржыландыру келесі жылы тоқтатылады.
“Енді тікелей өзіндік құнына әсер ететін субсидиялардың орнына жалпы сипаттағы субсиядаларды көбейту қолға алынбақшы. Мысалға 1 гектарға берілетін субсидиялардың орнына инвестициялық және пайыздық мөлшердегі субсидиялардың көлемі ұлғаятын болады»,- деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Еске сала кетейік, Мамытбековтің көмекшісі елімізде нанды кесіп сату туралы ұсынысын да айтқан болатын. Ал министр нан бағасының әлеуметтік аз қамтылған топқа қолжетімді болатынын мәлімдеген.