Денсаулық

Ғалымдар жұмыс жемісті болу үшін не істеу керектігін айтты

Ғалымдар жұмыс жемісті болу үшін не істеу керектігін айтты

Мамандар адамдардың ішкі энергиясы мен өз-өзіе бақылауына қатысты 83 ғылыми жұмысты зерттеді. Олардың қатарында белгілі әртістер немесе ісі өрге домалаған бизнесмендер болды, деп жазады meddaily.ru.

Ғалымдардың пікірінше, осы факторлар толыққанды жұмыс істеп өмір сүру үшін қажетті негізгі ресурстар екен. Қолға алған жұмыс жемісті болу үшін ғалымдар төмендегідей кеңес береді:

• Таңғы жаттығу - Дене мен миды ояту үшін адам 10 минуттай жаттықса жеткілікті. • Таңғы ас ішкенге 30 минут қалғанда лимон қосылған су ішу. • Оянған соң теледидар немесе компьютерді қоспаған жөн, өзге гаджеттерді де пайдаланбаған абзал. • Толыққанды таңғы ас. Жұмыста ғана емес, өмірінде де барлығы жақсы болу үшін, ғалымдардың пікірінше, таңғы ас ішу әдетке айналуы тиіс. • Жаңа күн үшін нақты мақсаттар мен міндеттерді алға қою. Қайда, қашан және бұл іске қанша уақыт кететінін жоспарлаған да дұрыс. • Өткен күнге баға беру.Тиісті нәтижелерге қол жеткізбеген жағдайды, күн тәртібіне өзгеріс енгізу қажет. Маман Трэвис Брэдберридің сөзіне қарағанда, ойдағыға қол жеткізу үшін жоғары аталғандардың барлығын күнделікті жасап жүрген жөн.