Денсаулық

Селфи-тәуелділікке қарсы дәрі сатыла бастады

Селфи-тәуелділікке қарсы дәрі сатыла бастады

20151110094057Ұлыбританияда селфи-тәуелділіктен арылтатын дәрі сатыла бастады. Metro жазғандай, бұл препараттың тынысты ашатын жағымды жалбызды дәмі бар. Селфиге тәуелді адамдарға ол психолгиялық тұрғыдан әсер етеді, ал тікелей дәрілік әсері  жоқ десе де болады.

Өзін жиі фотоға түсіруге құмар жандарға бұл дәрі біраз пайдасын тигізетін болады. Алайда бұл дәрінің де басқа дәрілер сияқты қолдану нұсқаулығы бар.

Дәріге сипаттамада оның бірегейлігі, ерекшелігі және жасырын жеткізу мүмкіндігі көрсетілген. Бір қызығы, оны әйелдерге (нәзік жандыларда тәуелділік басым болғандықтан болар)  үш рет, ерлерге екі рет тұтыну ұсынылады.

Дәріге  британдық AntiSelfieTabs интернет дүкенінің ресми сайтынан тапсырыс беруге (бағасы 2,99 фунт - 4,5 доллар) болады. Бір қорапта 36 жалбызды кәмпит. Бір уақытта бес орамаға тапсырыс беруге болады.