Денсаулық

Жоғалып кеткен испандық дәрігер 20 жылдан соң орман ішінен дін аман табылды

Жоғалып кеткен испандық дәрігер 20 жылдан соң орман ішінен дін аман табылды

20151110062935Жоғалып кеткен испандық дәрігер 20 жылдан соң Италияда орман ішінен аман-сау табылды, деп жазады Gazeta.ru.

Карлос Санчес Ортиз де Салазар бет-ауызы қожалақ-қожалақ әрі сақалы өсіп кеткен күйінде Тосканда орман ішінен екі апта бұрын табылған. Оны саңырауқұлақ теріп жүрген екі адам тауып алған.

Дәрігер оларға өз паспортын көрсетіп: «Мен испандықпын, атым - Карлос, осы жерде 1997 жылдан бері тұрып келемін», - деген. Ол адамдардың арасында тұра алмағанын, алайда оған енді осы орманнан кету керектігін айтқан.

Ер адам 1995 жылы күйзеліс салдарынан Севильядағы өз үйінен кетіп қалған. 2011 жылы одан еш дерек болмаған соң оны ресми түрде қайтыс болды деп жариялаған.