Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясында республикалық «Өрлеу» БАҰО мамандары меркілік ұстаздарға семинар-тренинг өткізді. Білікті ұстаздар жетекшісі Сандуғаш Көмекова әріптестеріне әуелі «Өрлеудің» бағыт-бағдарын таныстырды. Ол өз сөзінде орталық жұмысының негізгі бағыты орта мектептерде еңбек етіп жүрген ұстаздардың біліктілігін арттырып, олардың жаңашылдықпен жұмыс жасауына бейімдейтінін айтты. Семинар-тренинг барысында меркілік ұстаздар тәжірибесін жетілдіріп, оқытудың тың әдістерін меңгерді.