Мойынқұм
Мойынқұм
Аудандық ішкі істер бөлімінің құрылғанына 50 жыл толды. Салтанатты іс-шараның ашылуы аудан орталығындағы спорт кешенінде өтті. Полиция қызметкерлері, полиция ардагерлері және ауыл жастарының қатысуымен волейбол және футбол спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Спорттық жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ашып, аудан тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, алғысын білдірді. Аудандық ІІБ басшысының кадр жөніндегі орынбасары Батырхан Ибраев бұл күннің маңыздылығы полиция қызметкерлерінің өзара ынтымақтастық сезімін нығайту екендігін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.