Жамбылда не жаңалық?

Талас

Талас

Ақкөл ауылының тұрғындары мен мекемелердің сұранысын өтеу үшін бір наубайхана керек еді. Кәсіпкер Еркін Темірбеков аудандық жұмыспен қамту орталығына бизнес-жоспарын тапсырып, «Жұмыспен қамту –2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге несие алып, ол қаражатқа нан өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар сатып алды. Жақында «Жұпаркүл» наубайханасы ашылып, онда пісірілген нан тағамдарының түр-түрі тұтынушыларға сатыла бастады. Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 6 адам 37 миллион теңге, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасымен» 10 адам – 16 миллион тағы да басқа бағдарламалар шеңберінде 82 миллион теңге алған ақкөлдіктер шағын және орта кәсіптерін ашып, нәсіптерін ажыратуда.