Мәдениет

Таразда опера саңлағы Майра Мұхамедқызының кеші өтуде

Таразда опера саңлағы Майра Мұхамедқызының кеші өтуде

Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Гранд Операның" Қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әншісі Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық кеші өтуде.

Опера саңлағы бүгінгі Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 22 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысқан болатын. Ол сахна төрінен көрініп, «Көк тудың желбірегені», «Дедімай-ау» әндерін нақышына келтіре шырқағанда, дүйім жұрттың жезтаңдай әншіге деген ыстық ықыласы ерекше байқалды.

Салтанатты жиын барысында М.Мұхамедқызы өзіне көрсетілген құрметке облыс әкімі К.Көкірекбаевқа алғысын білдірді. «Осындай бейбіт заманда өзімнің елімде, жерімде, бүкіл әлемнің сахналарында жайқала көсіліп әнімді шырқап жүрмін. Мен қандай бақытты едім», - деді күміс көмей әнші.

«Ақ жол - Ақпарат».