Әлеумет

9 жасар компания басшысы

9 жасар компания басшысы

Үнді елінің 3-сынып оқушысы Рубен Пол қалта телефондарына арналған қосымша шығаратын «Прудент Гэймс» компаниясының бас директоры болды. Небәрі 9 жасында компания басқарған ол киберқауіпсіздік мәселесіндегі конференцияларда сөз сөйлеп жүр. Ал оның әкесі – өз баласы басқаратын компанияның бизнес әріптесі. Оның айтуынша, зерек бала ақпараттық техникаларға 5 жасынан қызыға бастаған. Сол кезден-ақ ол Scratch программасында еркін жұмыс істеген. Кейін көп ұзамай мектеп есептерін шығара алатын өзінің алғашқы қосымшасын ойлап шығарыпты.

«Ақ жол-Ақпарат».