Денсаулық

Жапония ғалымдары жұмысқа қоғамдық көлікпен барудың артықшылықтарын анықтады

Жапония ғалымдары жұмысқа қоғамдық көлікпен барудың артықшылықтарын анықтады

photo_22185Жапония ғалымдары жұмысқа қоғамдық көлікпен барудың басты артықшылықтарын анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жапония ғалымдары жұмысқа автокөлікпен барғанға қарағанда қоғамдық көлікпен барудың денсаулыққа пайдалы екенін мәлімдеді. Зерттеуге Осака қаласының 49-54 жас аралығындағы 6 мың тұрғыны қатысты. Ғалымдар зерттеуге қатысушыларды екі топқа бөлді - жұмысқа жеке көлігімен баратындар және қоғамдық көлікті немесе велосипедті қолданатындар. Зерттеуде 2012-2015 жылдардың аралығы бақыланды.

"Ғалымдар жұмысқа қоғамдық көлікпен немесе велосипедпен барудың артық салмақ қосу қаупін 44 пайызға төмендететінін, қан қысымын - 27 пайызға, егер сапар 20 минут немесе одан ұзаққа созылса сусамырдың пайда болу қаупін 34 пайызға төмендететінін анықтады", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, ғалымдар бұл зерттеуді шетелдік әріптестерімен бірігіп өзге елдерде жүргізіп көруге ниеттеніп отыр, себебі олар жапондар ағылшындарға қарағанда семіздікке сирек шалдығады деп есептейді.