Доллар 307 теңгеге дейін арзандады
Доллар 307 теңгеге дейін арзандады
KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 307,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 312,65 теңгеге тең болған еді.
2015 жылдың 9 қарашасында күндізгі сессияда алғашқы келісім 309 теңгемен жасалды. Бұл ең максималды баға болды. Осыдан кейін шетелдік валютаның бағамы күрт төмендеп кетті. Ең төменгі баға - 306,92 теңге. Сауда көлемі 163,05 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 306-309 теңге аралығында сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, өткен аптада доллар бағамы 310,85 теңгемен басталған еді. Доллар бағамы 2015 жылдың 30 қазанынан бастап өсіп жатыр. Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді.