Таразда мерекелік велошеру болып өтті
Таразда мерекелік велошеру болып өтті
Отан қорғаушылар күні және қазақстандық велоспорттың 100 жылдығының құрметіне Тараз қаласында велошеру ұйымдастырылды.Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Велошеруді облыс басшысының өзі бастап шықты. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметкерлер, Тараз қаласындағы мекеме, кәсіпорын еңбеккерлері қатысты. Велошерушілер қаланың орталық көшелерімен бес айналым жүріп өтті.
«Ақ жол - Ақпарат».