Қазақстанның басым бөлігінде қар ұшқындап, жел тұрады, тұман түседі
Қазақстанның басым бөлігінде қар ұшқындап, жел тұрады, тұман түседі
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, көбінесе қар, тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел тұрады, күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрады - 15-20 м/с, тұман.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-22 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, бұрқасындатады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.