Денсаулық

Жаңа жылдан бастап ипотекаға үй алғандардың мүлік салығы төмендейді

Жаңа жылдан бастап ипотекаға үй алғандардың мүлік салығы төмендейді

уйЖұртты зар қақсатқан заңнамаға өзгерістер енгізілді. Жеңіл пайызбен тұрғын үйге қол жеткізген азаматтарға салынатын мүлік салығының мөлшерлемесі жаңа жылдан бастап төмендетілмек.

Мемлекеттік бағдарламамен ипотекаға үй алғандар биылдыққа салықтық міндеттемелерін әдеттегідей орындай тұруларына тура келді. Қымбат яғни. Енді елдің арызы халыққа арзан пәтер беріп қымбат салыққа отырғызғандардың құлағына жеткен.

Келесі жылдан бастап “Бәйтерек” Ұлттық холдингі мен “Қазақстан ипотекалық компаниясының” өтініші бойынша, заңнамалық кодекстерге өзгерістер енгізілмек. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, үйді ипотекаға алғандар мүлік салығын жеке тұлғалардың тарифі бойынша төлейтін болады.

Яғни, жылдық төлем 1 жарым пайыздан 0,15 пайызға дейін төмендетіледі. Ал, әзірге компаниядан ипотекаға үй алғандардың салықтық міндеттемелерін әдеттегідей орындай тұруларына тура келді.

«Мысалы, бүгінгі таңда 1-2 бөлмелі үйдің бағамы 7 миллион теңге болтын боса, 1 жарым пайыз 100 мыңның төңірегінде салық төлеуі керек болса, жаңа жылдан бастап ол салықтың көлемі 5 мың теңге болады», – деді «ҚИК» АҚ басқарушы директоры Еркін Сыздықов.

Пәтерді жалға алушылар қазіргі мүлік салығының мөлшері салмақ салып отырғанын алға тартуда. Әйткенімен, артқа шегінер жол жоқ, келісімшартта бәрі тайға таңба басқандай көрсетілген. Қысқасы, жалға алушылар толығымен үйдің ақысын өтеп болмайынша, мүлік жеке меншікке берілмейді. Ал, компания заңды тұлға ретінде тіркелгендіктен, ипотекаға берілген үйдің жыл сайынғы салығын тұрғындар өтеуі керек.

«Олар біз үй алған кезде салық туралы айтпады. Қазақстан ипотекалық компаниясы. Біз үйдің ипотекасына 30 мың төлейміз. Кейіннен бізге «бір бөлмеге 62 мың салық төлейсіндер», – деді. Қазақстан Ипотекалық компаниясына барған кезде хат жазып едік, олар келісімшартты өзгертуден бас тартты», – деді Алматы қаласының тұрғыны Жазира Мүлкібекова.

Айта кетерлігі, өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында компаниядан 2 жарым мыңнан астам ел азаматы төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге қол жеткізген. Оның ішінде Алматы мен Алматы облысының үлесі басым. Бас-аяғы 1 130 пәтер.

Оған қоса, осы уақытқа дейін Шымкент шаһараның 620 тұрғынына пәтер кілті бұйырыпты. Одан кейінгі кезекте Көкшетаулық 334 отбасы қоныс тойын тойлаған. Ал, Қарағанды көштің соңында. Кеншілер қаласынан небәрі 16 пәтер ғана беріліпті.