Түрмедегілер тышқанды есірткі курьері ретінде пайдаланып келген
Түрмедегілер тышқанды есірткі курьері ретінде пайдаланып келген
Бразилияда Арагуаина қаласындағы Барра-де-Грота түрмесінің басшылығы осындағы жазасын өтеп жатқандар өз камераларына тыйым салынған заттарды қандай әдіспен әкелетіндіктерін білгенде жағаларын ұстады.
Камераларды бақылайтын түрме күзетшілері монитордан қыбырлайтын, бірақ не екені белгісіз күдікті затты ұдайы көретін болған. Олар мұның кәдімгі тышқан екендігін білгенде таң қалмасқа шаралары қалмады. Қылмыскерлер оның құйрығы мен аяқтарына арнайы жіп байлап, оған кокаин және каннабис (есірткі заты) салынған пакетті бекітетін болған.
Тышқанды ұстаған кезде құқық қорғаушылар одан есірткі салынған 50 шағын пакетті тапқан.