Денсаулық

Жамбыл облысының экономикасы даму тұрақтылығын сақтап отыр - К.Көкірекбаев

Жамбыл облысының экономикасы даму тұрақтылығын сақтап отыр - К.Көкірекбаев

20140116163149Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өңірлік әкімдікте өткен отырыста жыл басынан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала қорытындысы талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Жомарт Әмірхановтың ақпаратынша, 2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында  187 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Сұраныстың төмендеуіне байланысты әктас, гипс, шикі мұнай, табиғи газ, металдық рудаларды өндіру көлемі қысқарды.

Фармацевтикалық өнім ( 1,4 есе), резеңке және пластмасса бұйымдары (3 есеге), өзге де минералдық өнім (4,6%) өндірісінің көлемі артты.   Агросекторда ет, сүт, сары май, ірімшік, ұн, кондитерлік және ұннан жасалған тағамдар өндірісі артты.

ҮИИД бағдарламасы аясында бірінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылды. Бұл - «Бурное Solar-1» ЖШС күн электростансасының жобасы. Оған шетелдік инвестициялар тартылды.

«Полиэтилен-Агро» ЖШС-нің құны 381,2 млн. теңгені және қуаттылығы жылына 500 тоннаны құрайтын полиэтилен қабықшалары мен жылыту кешендерін өндіретін зауыт. Оның ашылуымен 27 жұмыс орны құрылды. «Тараз-көлік жолы» ЖШС құрылысқа арналған құм, қиыршық тас және құрылысқа арналған қосындыларды өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын жүзеге асырды.  Құны 250 млн. теңге және жобалық қуаттылығы жылына 50 мың текше метр. 35 жұмыс орны ашылды.

Ж. Әмірханов атап өткендей, 385,7 мың тонна дақыл жиналды. Облыс бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 16 центнер болды. Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 124,6 млрд. теңгені құрады.

Шағын және орта бизнесті субсидиялау бойынша аймақта 49,6 млрд. теңгеге 493 жоба жүзеге асырылды.

«Экономиканың өсімін қамтамасыз ету мәселесінде агроөнеркәсіптік секторға үлкен үміт артып отырмыз, - деді өңір басшысы К. Көкірекбаев. - Аудан әкімдері, шаруа қожалықтардың басшылары жыл соңына дейін ауылшаруашылық өнімі өндірісінің өсімін қамтамасыз етуі керек».