Астрономдар балқыған темір тамшыларынан тұратын бұлты бар планетаны анықтады
Астрономдар балқыған темір тамшыларынан тұратын бұлты бар планетаны анықтады
Шотландия астанасындағы Эдинбург университетінің астроном-ғалымдары PSO J318.5-22 атты экзопланетаның атмосферасындағы ерекше құбылысты анықтады. Экзопланета жұлдыздардың біріне де байланбағандықтан, ғарыш кеңістігінде еркін қозғалады. Бұл туралы Эдинбург университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, PSO J318.5-22 көлемі жағынан Юпитермен бірдей. Алайда оның салмағы шамамен 8 есе ауыр. Сонымен қатар, атмосфера бұлттарының температурасы 800 градустан асады.