Жамбылдықтар ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша үйді жөндеу үшін алған қарызын қайтаруға асықпайды
Жамбылдықтар ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша үйді жөндеу үшін алған қарызын қайтаруға асықпайды
Жамбыл облысында көп пәтерлі үйлердің иелері ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы аясында баспаналарын жөндеу үшін мемлекет жұмсаған қаражаттың 60%-ын ғана қайтарды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, 2011-2015 жж ТКШ жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін аймаққа республикалық қазынадан 2,48 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 170 көппәтерлі үй жөнделді. 2015 жылы облыс орталығында 28 үй, Шу қаласында 3 үй қалпына келтірілді.
ТКШ жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра бастағаннан жөндеуді қажет ететін үйлер 49,2%-дан 39,7%-ға дейін қысқарды. Тағы 626 тұрғын үйді жөндеу керек.
2014 жылы жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін қайтарылған ақша 2 млн. теңгеден асты немесе 60% құрады.
Ведомствода атап өткендей, тұрғындар қарызын өтеуі үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Тараз қалалық әкімдігінің ақпаратынша, 4 жылда 139 үй жөнделді.