Brent маркалы мұнайдың баррелі 50 доллардан асты
Brent маркалы мұнайдың баррелі 50 доллардан асты
Лондондағы ІСЕ биржасындағы сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 50 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды РБК.
Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 50,1 доллар тұрған, бұл алдағы деңгейден 2,69 пайыз жоғары.
Сонымен бірге, Bloomberg-тің мәліметтерінше, АҚШ Энергетика министрлігінің жанындағы энергетикалық ақпарат басқармасының сәрсенбі күні жариялайтын есебі мұнай өнімдері қорларының 23-30 қазан аралығында өсімін көрсетуі мүмкін, бұл мұнай баға белгіленуінің төмендеуіне әкеліп соқтыра алады.