БЖЗҚ басшысы валюта бағамының өзгеруіне байланысты туындаған шығынды қалай өтейтінін айтты
БЖЗҚ басшысы валюта бағамының өзгеруіне байланысты туындаған шығынды қалай өтейтінін айтты
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев БЖЗҚ зейнетақы активтерін қорғау мәселелері жөнінде айтып берді.
«Казахстанская правда» газетінің қаржы нарығындағы ауытқулар, мәселен валюта бағамының өзгеруі салдарынан тууы мүмкін шығындардың орны қалай өтеледі деген сұраққа ол төмендегідей жауап берді:
- БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтері портфелінің шетелдік валютада инвестицияланған бөлігі кіріс әкеледі. 2015 жылдың 1 тамызында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық позициясы зейнетақы активтері жалпы сомасының 11%-ды, АҚШ долларындағы үлесі 10,45%-ды құрады. Жалпы БЖЗҚ инвестициялық стратегиясы консервативті: 1 қазанда Мемлекеттік құнды қағаздар үлесі 43,58%-ды құрады.
Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және индекстеу механизмі 2013 жылғы «ҚР-дағы зейнетақымен қамту туралы» Заңында көрсетілген. Қазақстан экономикасы әлемдік экономикаға интеграцияланған және жаһандық нарықтағы жағдайға, соның ішінде энергиялық ресурстар бағасына тәуелді. Сондықтан мемлекет ұлттық валютадағы зейнетақы жинақтарының сақталуына жауапкершілікті мойнына алды. Зейнетақы жинақтары - бұл стратегиялық қаражат. Аталған заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иемдену кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Бұл кепілдік зейнетке шығатын азаматтың зейнетақы жинақтарының кірісі жинақталған инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда пайдаланылған және алдағы уақытта да пайдаланылады. Егер бағамның өзгеруі салдарынан қазақстандық экономика ішінде инфляциялық қысым пайда болса, онда зейнетке шыққан салымшылар бюджеттен өтемақы алмақ.