Денсаулық

ШҚО-да танымал спортшы жол апатынан көз жұмды

ШҚО-да танымал спортшы жол апатынан көз жұмды

спортШығыс Қазақстан облысының Таулы Үлбі ауылы маңында болған жол апатынан 23 жастағы танымал қазақ спортшысы, фристайлшы Андрей Соколов көз жұмды.

Жол апаты 31 қазанда Өскеменнен 30 шақырым жерде болған. ВАЗ-21102 маркалі көлікті айдап келе жатқан Соколов көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Жас жігіт сол жерде қаза болды. Сараптама оның қанынан алкоголь іздерін анықтады.

Марқұмның  2017 жылғы Универсиадаға қатысуға ниеттеніп жүрген спортшы екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Елена Круглыхина мәлімдеген.

«31 қазанда Қазақстанның үздік фристайлшысы  Андрей Соколов көз жұмды. Ол ел намысын 2017 жылы Универсиадада қорғауы тиіс болатын. Жақсы жігіт, жақсы спортшы, мәңгі есімізде», – деп жазған өз Facebook парақшасында Елена.

Андрейдің 15 жасынан халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүргенін Ресей фристайл федерациясының ресми сайты да растады: Еуропа кубогы, Әлем кубогы, Әлем чемпионаты тағысын тағылар.

Полицейлер оның көлікті мас күйінде жүргізгеннен апатқа түскен болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.