Саясат

Назарбаев 7 мамыр күнгі әскери шеруге қатысады

Назарбаев 7 мамыр күнгі әскери шеруге қатысады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр күні әскери парадқа қатысады. Президенттің қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар жөніндегі хабарламада 7 мамырда Астанада болатын Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру аталады. Сонымен бірге, "6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтар беру рәсімдері өтеді. 9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған", - дейді Ақорданың баспасөз қызметі. Бұған дейін Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге 2000-ға жуық әскери қызметші, оның ішінде, Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1500 адам қатысатыны хабарланған еді. Механикаландырылған колонна болып 250-ге жуық әскери техника мен жеке құрамның 600-ге жуық өкілі өтеді. Парадқа 56 ұшу аппараты жұмылдырылмақ.

 Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz