Алтыннан алқа таққан Арайлым
Алтыннан алқа таққан Арайлым
Тармпи студенті А.Шегенова самбодан әлем чемпионы атанды
Латвия астанасы Рига қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Арайлым Шегенова 80 келіден астам салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Дүбірлі додаға аталған салмақ дәрежесі бойынша 32 мемлекеттің саңлақтары қатысқан. Ол жарыс жолында Беларусь, Румыния, Ресей спортшыларынан басым түсіп, аталмыш турнир финалында ресейлік қарсыласын жеңіп, алтынға қол жеткізді. «Арайлым үшін спорттың осы түрінің келешегі зор. Ол әлі талай қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінетініне сенемін. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Спортта көп нәрсеге қол жеткізе алады», – дейді жетекшісі Қонысжан Танаев. Балғын спортшы бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанған.
Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».