Денсаулық

Тайваньдық суретші ұялы телефондардан автомобиль құрастырды

Тайваньдық суретші ұялы телефондардан автомобиль құрастырды

20151104005345Тайваньдық суретші Лин Ши-Пао 25 мың ескі мобильді телефондардан Formula 1 көлігін құрастырып шыққан, деп хабарлайды BBC.

Ол қоқыстарға тасталған ескі телефондарды жинау үшін 4 жыл бойы әлемді аралаған. Нәтижесінде жинақталған мобильді телефондарды көлік моделінің қаңқасына жапсырған. Жобасын жүзеге асыру үшін Ши-Пао 30 мың доллар жұмсаған.

"Менің мақсатым - әлемдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Мен адамдарға қоқысқа тасталатын заттардың өнер туындысына айналдыруға болатынын көрсеткім келді. Ондай қалдықтарды қажетке жаратқан дұрыс", - дейді ол.