Винокуровтың велосипеді аукционда 1 млн 650 мың теңгеге сатылды
Винокуровтың велосипеді аукционда 1 млн 650 мың теңгеге сатылды
Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипеді өз иесін тапты. Яғни, карбон екі дөңгелекті көлік 1 млн 650 мың теңгеге бағаланған деп хабарлайдыrgmedia.kz.
Шымкентте аукцион әдісі бойынша сатылымға қойылған велосипедті «Смарт Ойл» компаниясының басшысы Ерлан Нұрханов сатып алды. Велосипед салмағы 6 келіге де жетпейді. Аукционда спортшының тағы бір велосипеді, моторы электрлі құрылғы 900 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметіндегілер мәлім етті.
Дәл осы қайырымдылық аукционында спортшының Лондон Олимпиадасында жеңіске жеткен сәтте киген жейдесі 120 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ, шымкенттіктер тағы бір чемпион, боксшы Серік Сәпиевтің қолтаңбасы бар қолғапns 150 мың теңгеге сатып алды.
Айта кетейік, кеше Шымкентте Александр Винокуров пен Серік Сәпиевтің қатысуымен қайырымдылық велошеруі өткен болатын. Шеруден соң спортшылардың спорттық киімдері мен құрылғылары сатылымға шығарылды. Қайырымдылық аукционнан түскен қаржы 4 млн теңгеге жуық қаржы жиналған. Қаржы елдегі велоспорт мектептеріне қажетті жабдықтар алуға жұмсалатын болады.