Денсаулық

А321 апатынан қаза болғандардың ішінде Қазақстан тумасы бар болып шықты

А321 апатынан қаза болғандардың ішінде Қазақстан тумасы бар болып шықты

photo_22023Әуе апатынан қаза болғандардың қатарында Зырян ауданының 44 жастағы тумасы Андрей Добрица және оның әйелі Римманың бар екендігі белгілі болды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Ер адамның туыстары мәйітті тану үшін Санкт-Петербургке жол тартып кетті.

Басылымның мәліметінше, Андрей Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында туып-өскен. Мұнла оның туыстары мен достары қалыпты.

"Олар жылына бір-екі рет Тайландқа немесе Мысырға барып келетін. Мысырда көп болды. Андрейдің үйінде болғанымда сол елден әкелінген ескерткіш заттарын көретінмін", - деді марқұмның танысы Дмитрий Воротников.

Жас жұбайлардың балалары болмаған. Андрейдің көптеген туыстары Зырянда қалып қойған. "Бұл бәрімізді есеңгіретіп тастады, бұған әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Ағам Петербургке көп уақыт бұрын кеткен. Сол жақта болашақ әйелі Риммамен танысты. Андрей Зырянға келіп тұрды, соңғы рет 2012 жылы келген еді. Жергілікті сыныптастары мен достарын қонақ ететін, ал туыстарын өзіне жақын жерге көшіруге ұсыныс айтатын", - дейді Андрейдің немере қарындасы Екатерина Добрица.

Туыстарының мәліметінше, соңғы уақытта Андрей Добрица фармацевтикалық зауытта инженер болып жұмыс істеген. "Қазір менің әкем, Андрейдің туған бауыры Санкт-Петербургте, мәйітті тануда тергеуге көмектесіп жатыр", - деді Екатерина.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.