МС Сайлаубек “Қайрат” клубынан кешірім сұрады
МС Сайлаубек “Қайрат” клубынан кешірім сұрады
МС Сайлаубек өзінің Instagram-дағы парақшасында алматылық «Қайраттың» жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
Естеріңізде болса, Сайлаубектің «Қайрат» клубының туын таптап түскен суреті ғаламторда қызу талқыланған болатын.
«Құрметті «Қайрат» клубы мен оның жанкүйерлері. Менің аяғымның астында «Қайраттың» туын әдейі тастап кеткенн. Матчтан соң адам көп болды да,мен аяғымның астында ту жатқанын көрмей қалдым. Мені дұрыс түсініңіздер. Кешірім өтінемін!», – деп жазады Сайлаубек.