Жаңалықтар

Қыс шанасын жаз сайламай ма?

Қыс шанасын жаз сайламай ма?

Бұл жай облыстық «Ақ жол» газетінің үстіміздегі жылдың 20 қазанындағы №130 санында жарық көрген «Жылу бір үйде бар, бір үйде жоқ...» атты мақалаға да арқау болған еді. Осыған байланысты жолдаған жауабында: «Аталған мақала бөлімде қаралып, талқыланды. Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 14 қазанындағы № 360-ө өкімімен 15 қазаннан бастап қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады. Алайда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы аясында «Тараз қаласы, Абай даңғылы бойымен Байзақ батыр көшесіне дейін ЖК-410 және Қазыбек би көшесінің 2-ші бұрылысы, Абай даңғылы, Әйтеке би көшесінің 1-ші бұрылысы аумағындағы ЖК-411 жылу жүйелерін қайта жаңғырту» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тұрғын үй уақтылы жылу жүйесіне қосылмауда. Бұл тұрғыда аталған көп қабатты үйлер тұрғындарымен жиналыстар өткізіліп, жылу жүйесі үстіміздегі жылдың 1 қарашасында іске қосылатындығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, күнделікті бақылауда ұсталынып отыр» деп жазыпты «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытжан Жақсылықов. Бұл жағдай белгілі мысалдағы «Ала жаздай ән салған» шырылдауық шегірткенің күйін көз алдымызға келтіреді. Жылу берушілер жаз бойы не істеген?

«Әлеумет» бөлімі.