Саясат

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Астанаға іс-сапармен келеді.

"7-8 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Астанаға іс-сапармен келеді. Оның іс-сапары Орталық Азияның қауіпсіздігі мен өркендеуіне АҚШ-тың қолдауын растайды",- делінген хабарламада.

Қазақстанда бірінші болып Елшілігін ашқан АҚШ, аймақтық қауіпсіздік, сауда және экономика, азаматтық қоғам және адам құқықтары жөнінде ынтымақтастықты мақтаныш етеді.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Бернс Қазақстанның ел басшыларымен қауіпсіздік, саясат, экономика және адам құқығы тұрғысынан екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп хабарлайды Елшіліктің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz