Зейнеткер саяжайға тыққан 360 мың долларынан айырылып қалды
Зейнеткер саяжайға тыққан 360 мың долларынан айырылып қалды
Мәскеу маңындағы Ступин ауданында белгісіз қылмыскер зейнеткердің саяжайға жасырған 360 мың долларын қолды етті, деп хабарлады РИА «Новости».
Бұл туралы ІІМ өңірлік мекемесі мәлімдеді.
«Кезекші бөлімге 1956 жылы туылған, Мәскеуде тұратын зейнеткер шағымданды. Ол 20 қыркүйекте Сотниково ауылында оның учаскесінен белгісіз біреу 360 мың АҚШ долларын ұрлап кеткенін хабарлаған», деп мәлімдеді ведомстводан.
Аталмыш фактінің ізімен Ресей ҚК «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеушілер бірнеше бейне бақылау камераларын зерделеуде.