Денсаулық

Имамдар салафизмнің жетегінде кеткен 1000-ға жуық қазақстандықты жат ағымнан алып шықты

Имамдар салафизмнің жетегінде кеткен 1000-ға жуық қазақстандықты жат ағымнан алып шықты

имамӨткен жылы Қазақстандағы имамдар мыңнан аса отандасымызды жат ағымнан алып шыққан.

Еліміздегі бас имамның сөзінше, жат ағымға кіргендердің басым көпшілігі дінге бет бұрған жастар мен абақтыдағы азаматтар екен.

“Былтыр біздің имамдар мыңнан аса отандасымызды жат ағымның жетегінен алып шықты. Бұл нәтижеге біз мешіттерде жүргізілетін үгіт-насихаттар мен абақтыларды аралап, милары уланған азаматтарға тура жол сілтеу арқылы қол жеткіздік. Олардың барлығы дерлік салафизм мен уахаббизмге кіріп кеткендер. Сондықтан, алдағы уақытта бұл жұмысты қарқынды түрде жалғастырамыз”, – деді бас мүфти.

Сондай-ақ, ҚМДБ өкілдері елімізде қанша азаматтың жат ағым жетегінде екенін және шетелде террорист болып жүргендерің саны қанша екенін білмейтіндігін айтты.

Ержан Маямеров бүгінгі шараның басты мақсаты исламды саяси соғыс құралына айналдырғандарға тойтарыс берудің амалдарын іздеу екенін айтты.

Сирияға аттанып жатқан отандастарымыз туралы бас мүфти: «Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:«Мұсылман басқа бір мұсылманға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді», – деген. Діннің осындай ең қарапайым қағидаларынан хабарсыз адам кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейтін дәрежеге жетті. Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла Тағаланың өзінің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік», – деген», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.