Жамбылда не жаңалық?

Мойынқұм

Мойынқұм

«Талдыөзек» кеңшарының аға шопаны болған, Ленин және екі «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Әлтай Төлепбергеновтің 90 жылдығы Қылышбай ауылындағы өзінің есімімен аталатын орта мектепте аталып өтті. Қарапайым еңбек адамын еске алып, рухына тағзым етуге арналған шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков сөз алып, аға шопанның зор құрметке бөленгенін әңгімеледі, мұндай іс-шараның жастарға берер тағылым-тәрбиесіне назар аударды. Ауыл қариялары майталман малшы туралы естеліктер айтты. Өмір жолынан деректі фильм көрсетіліп, мектеп өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Ә.Төлепбергеновтің 90 жылдығы аудан орталығында жалғасып, волейболдан жарыс ұйымдастырылды.