Байзақ
Байзақ
Мырзатай ауылдық округінде көлемі 7,25 гектар аумақты қамтитын туберкулезге қарсы күрес ауруханасы бой көтерді. 60 орындық аурухананың бас корпусы мен үш емдеу бөлімі науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Қазір аурухана құрылысында 90 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Мердігер мекеме нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Емдеу мекемесі ашылған соң, онда облыс орталығы мен төрт ауданның тұрғындары емделетін болады.