Денсаулық

ҚР Үкіметі туу туралы куәлікті ресімдеуге қатысты ережелерге өзгерістерді бекітті

ҚР Үкіметі туу туралы куәлікті ресімдеуге қатысты ережелерге өзгерістерді бекітті

20150312060719 (1)Қазақстан Республикасы Үкіметі Туу туралы куәлікті ресімдеуге қатысты ережелерге өзгерістерді бекітті. ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №836

2015 жылғы 20 қазан, Астана, Үкімет Үйі

«Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 738-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Туу туралы куәлікті азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) ресімдейді және береді»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Туу туралы куәліктің нысаны «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.