Парижде шоколадтан жасалған киімдердің байқауы өтті (ФОТО)
Парижде шоколадтан жасалған киімдердің байқауы өтті (ФОТО)
Францияның астанасында әлемдегі ең үлкен шоколад фестивалі болып саналатын Шоколад салоны ашылды.
The Telegraph жазуынша, шоколадтан жасалған киімдер үлгісін көрсету үшін ортаға Франциядағы шоу-бизнестің ең жарқын деген 15 жұлдызы шыққан. Олардың арасында «Мисс Франция-2015» Камиль Серф, танымал тележүргізуші Сандрин Аркизет, т.б. бар.
Фестивальға 700-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде белгілі шоколатье мен кондитерлер де болды. Олар келген қонақтарға шоколадтан түрлі кондитерлік өнімдерді жасау технологиясын да түсіндіріп, шеберліксағаттарын өткізеді, деп жазады шетелдік БАҚ.