Ғалымдар: қанттан бас тарту денсаулықты жақсартады
Ғалымдар: қанттан бас тарту денсаулықты жақсартады
The Guardian журналында америкалық эндокринологтардың зерттеу мақаласы жарияланды. Онда қанттан бас тарту денсаулықты анағұрлым жақсартатыны туралы жазылған.
Ғалымдардың тәжірибесіне 9 бен 18 жас аралығындағы 43 бала қатысты. Олардың барлығы да созылмалы ауруға немесе семіздікке шалдыққан. Тоғыз күн бойы тәжірибеге қатысушылар қант пайдаланбаған. Зерттеу нәтижелері ғалымдарды таңғалдырды: балаларда қан қысымы мен холестерин төмендеген, қандағы триглицерид үш есе азайған.
Алайда бұл нәтижені ғалымдардың кейбірі құптамайды. Олар қант адам ағзасына қажет деп санайды, деп жазады шетелдік БАҚ.