Денсаулық

Жоғалып кеткен мысық екі айдан соң шарап қоймасынан масаң күйінде табылды

Жоғалып кеткен мысық екі айдан соң шарап қоймасынан масаң күйінде табылды

20151029093058Германия тұрғыны Клаудия фон Бюрен жоғалып кеткен сүйікті мысығын табуға үміттеніп қала бойынша жарнама ілуден жалықпады, алайда еш нәтиже бермеді.

Екі айдан соң шарап қоймасын ашқан әйел мысығының сонда екенін көріп не қуанарын, не жыларын білмеді. Мысық жеті аптасын көбікті сусынның түр-түрі орналасқан бөлмеде өткізген.

Альеша осы уақыттың ішінде қатты арықтаған, сондай-ақ ол үш жарым бөтелке шарапты ішіп қойған. Metro басылымы хабарлағандай, мысықты дереу ветеринарға апарған, тексеру барысында қатты ашыққаны және масаңдығы анықталған.